Accessibility links

БҰҰ Ауған президенттік сайлауын тамызда өткізгенін қолдайды


БҰҰ-ның жоғарғы ресмилері Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың президенттік сайлауды мерзімінен бұрын тамыз айында емес сәуірде өткізуге шақырғанына алаңдаушылық танытты.
БҰҰ-ның бітімгершілік операциялары бойынша департаментінің басшысы Ален Леруа Ауғанстанда шілде айына дейін сайлау өткізу қауіпсіздік және басқа да себептерге байланысты қиын болуы мүмкін деп айтты.
Ален Леруаның сөзіне қарағанда, егер сайлау мерзімі тым алға жылжыса, елде шынайы сайлаулар өткізу мүмкін болмайды. Сондықтан БҰҰ Ауғанстан сайлау комиссиясының тамыздың 20-на белгілеген мерзімін қолдайды деген ол.
XS
SM
MD
LG