Accessibility links

Украина парламенті сыртқы істер министрін кетірді


Бүгін Украина парламенті сыртқы істер министрі Володымыр Огрызконы қызметінен алды.
Хабарларға қарағанда, Огрызко Румыниямен даулы жер мәселесі сияқты бірнеше жағдайды реттей алмағаны үшін сыртқы саясатты жүргізе алмады деген сынға тап болған.
Бұл осы жылы Украина үкіметінен кетірілген екінші министр болып отыр. Өткен айда қаржы министрі Виктор Пынзенык саясаткерлердің тұтқынына айналды деп орнынан кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG