Accessibility links

Чех полициясы үш қазақ босқынын қамауға алды


Бүгін чех полициясы осы елден саяси баспана сұрап жүрген қазақстандық діни босқындар Қайрат Досметов, Асылхан Жантасов, және Хамит Нұрғалиевті қамауға алды.
Сейсенбі күні Костелец над Орлицей қаласында діни босқындардың жетекшісі Қайрат Досметов босқындар жатақханасында ұсталса, наурыздың 3-не қараған түнде Прагада тағы бір қазақ босқыны Асылхан Жантасов тұтқындалған. Ал, үшінші қазақ босқыны Хамит Нұрғалиев Чехияның батысындағы босқындар қауымдастығы жатақханасында қамауға алынған. Олардың бөлмелеріне тінту жүргізілген.

Өздерін таза жолды ұстанушылармыз деп атайтын 205-ке жуық қазақстандық егер отанымызға қайтсақ қудалау көреміз деп 2006 жылдан бері Чехиядан саяси баспана сұрап келеді.
Чех билігі қаңтар айында олардың өтінішін қабылдамай қойған. Ол қазақ босқындарына депортация қаупі төніп тұр.
Ақпанның 7-де қазақстандық ондаған діни босқын Праганың орталығында митинг өткізіп, Чехия билігінен өз шешімдерін қайта қарауды талап еткен.
Чехия үкіметі қазақ діни босқындарыдың қамалуына байланысты түсініктеме бермей отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG