Accessibility links

Үкіметте бірқатар кадрлық өзгерістер болды


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен үкіметте бірқатар тағайындаулар жасалды. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылған Өмірзақ Шүкеев үкімет басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оның орнына бұрынғы транспорт және коммуникация министрі Серік Ахметов тағайындалды.

Ал Серік Ахметов босатқан министрдің орынтағына аталған министрлікте жауапты хатшы қызметін атқарушы Әбілғазы Құсайынов келді.

Сондай-ақ ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов орынбасарларының арасындағы өкілеттіктерді бөліп берді.

Өкілеттілік бойынша, Ө.Шүкеев жедел басқару, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс секторы мен серпінді жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік жасаса, Е. Орынбаевқа макроэкономикалық және адами даму мәселелері жүктелді. Ал С.Ахметов көлік және инфрақұрылым саласы, шағын және орта бизнесті дамыту, аймақтық саясат және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мәселелерімен айналысатын болды.
XS
SM
MD
LG