Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ауысты


Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа әкімді таныстыру үшін бүгін Шымкентке ҚР үкімет басшысы келеді.

ҚР премьер-министрінің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, онда облыстың жаңа басшысы таныстырылады. Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, 49 жастағы Нұрғали Әшімовтің орнына Асқар Мырзахметов әкім болып тағайындалады.

Нұрғали Әшімов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып 2007 жылдың тамыз айында тағайындалған болатын.
XS
SM
MD
LG