Accessibility links

Қазақстан мен Ресей зенитті-зымыран кешенін алуға келісті


ҚР Қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясымен С-300ПС зенитті-зымыран кешенін алу жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл туралы ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы әуе шабуылынан қорғаныс мәселелері жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысында Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов мәлім етті.

«Біз таяуда Ресей Федерациясымен арадағы келісім-шартқа қол қойып, С-300ПС зенитті-зымыран кешенін сатып алдық. Сондай-ақ бюджеттің мүмкіншілігіне қарай радиолокациялық техниканы жаңартуға байланысты мәселелерді шешіп жатырмыз», — деді министр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG