Accessibility links

Гаага соты Судан президентінің мәселесін қарайды


Қылмыстық істер бойынша халықаралық сот бүгін, наурыздың 4-де Судан президенті Омар әл-Баширді тұтқындау жөнінде соттың бұйрық шығаратыны я шығармайтыны жөнінде жариялайтын болады.

Әл-Башир Суданның Дарфур аймағындағы африкалық тайпаға қарсы геноцид ұйымдастырды деп айыпталуда. Судан президенті дарфурлықтарға қарсы Судан армиясы мен Араб қарулыларын жұмылдырды деген айыптауға айғақтар жетерлік, деді Бас прокурор Луис Морено-Окампо.

БҰҰ-ның айтуынша, 2003 жылы Дарфур жанжалы басталғалы бері 300 мың адам қаза болып, 2 миллион 700 мың адам босып кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG