Accessibility links

Соққыға жығылған қырғыз журналистің әріптестері мәлімдеме жасады


Қырғыз журналисінің соққыға жығылуына орай оның әріптестері алаңдаулы. Наурыздың 3-і күні кешкісін Сырғақ Әбділдаев ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Ол- Репортер апталығының тәуелсіз сарапшысы. Денесінде 20-дан аса пышақ ізі табылған журналис қазір ауыр халде.

Қырғызстан Журналистер одағының басшысы Абдықадр Сұлтанбаев ел президенті Құрманбек Бакиевті журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Елдегі Жасылдар партиясы да үкіметтен азаматтар қауіпсіздігін талап етіп, сыни мәлімдеме жасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG