Accessibility links

Молдова: ел ақшасы құнсызданбайды


Молдова Ұлттық банк басшылығы өкілінің айтуынша, ел ақшасы лей еуро мен долларға қатысты құнсызданбайды. Оны қалыпты деңгейде ұстап тұруға Ұлттық банкте жеткілікті мүмкіндік бар дейді ресмилер.

Баспасөздің жазуынша, сәуірдің 5-де болатын жалпы ұлттық сайлауларға дейін лейді құнсыздандырмауға банк тырысатын болады. Олай болмаған жағдайда жеңістен үміт етіп отырған биліктегі Коммунистік партияның жоспары жүзеге аспай қалуы мүмкін.

Банк өкілі бұл болжамды жоққа шығарып, сондай-ақ елге Халықаралық қаржы қоры мен ЕуроОдақтан қосымша қаржы келуі мүмкін деді.

Ал, сарапшылардың пікірінше, Молдова ақшасының құнсыздануы мүмкін.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG