Accessibility links

«Қазпоштадан» күмәнді конверт табылды


«Қазпоштаның» Астанадағы бөлімшесінде хаттарды корреспонденциялау барысында АҚШ-тан келген ішінде не екені белгісіз ұнтақ салынған конверт табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне Астанадағы «Пошта және тасымалдау бөлімі» директорының орынбасары хабарлаған.

Конверттің сыртында хатты алушының аты-жөні мен мекен-жайы көрсетілген. Конверт әрі қарайғы тексеру жұмыстары үшін Астанадағы мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.
XS
SM
MD
LG