Accessibility links

Алтын Орда» үлескерлері пәтер кілттерін алды


Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен Әл-Фараби және Қожанов көшелерінің қиылысында орналасқан «Алтын Орда» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің үлескерлеріне пәтер кілттерін тапсыру салтанаты өтті.

«АлматыГорСтрой» МАК АҚ компаниясы тұрғызған жер асты паркингі мен қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі «Алтын Орда» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінде 120 пәтер салынып бітті, оның 41-і үлескерлерге берілді.

Бұл туралы мәлімет берген «АлматыГорСтрой» МАК АҚ-ның бас директоры Таңатар Сұлтанбеков: «Бізге «Алтын Орда» кешенінің бірінші кезектегі құрылысын бітіру үшін «Самұрық-Қазына» қорынан 1 млрд 552 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді, құрылысты тек осындай көмекпен бітіруге мүмкіндік алдық», — деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG