Accessibility links

Мұнай бағасы біршама көтерілді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 4 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама көтерілген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 46,12 доллар (+2,42) ; Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 45,38 доллар (+3,73) болды», — делінген агенттік хабарламасында.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG