Accessibility links

Қоршаған ортаны қорғау министрі қызметінен босатылды


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов қызметінен босату туралы өтініш берді. Бұл оның екі орынбасарына қатысты қаржы полициясы жүргізіп жатқан тергеумен байланысты.

«Мен оның өтінішін қабылдадым», — деді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Аталған министрліктің баспасөз қызметі мен қаржы полициясының хабарлауынша, Қоршаған ортаны қорғау министрінің бір орынбасары Зейнулла Сәрсембаевты бюджет қаржысын қымқыру деген күдікпен, ал тағы бір орынбасары Әлжан Бірәлиевті «ауыр қылмыс жасады» деген айып бойынша күдікті санаған қаржы полициясы тұтқынға алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG