Accessibility links

НАТО министрлері Ресей мәселесін талқылауда


НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Брюсселде кездесіп, Ресеймен арадағы жоғары дәрежелі байланыстарды қайта қалпына келтіру мәселесін талқылауда. Ресей мен НАТО арасындағы мұндай байланыстар тамыз айында орын алған Ресей-Грузия соғысынан кейін тоқтап қалған болатын. НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, Ресей мен НАТО арасында ірі қарама-қайшылықтар бар бірақ олар ортақ мүдделерге де ие.

Сонымен қатар НАТО министрлері осы одаққа мүше болғысы келетін Грузия мен Украина елдерінің өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG