Accessibility links

Қауіпсіздік қызметі Укртрансгазды тексеруде


Украина қауіпсіздік қызметінің мүшелері елдің газ құбырларын бақылайтын Укртрансгаз компаниясында тексеру жүргізген. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік қызметінің баспасөз хатшысы Марина Остапенко “газ саласында заңбұзушылықтарға байланысты қылмыстық істің шеңберінде тергеу жүргізіліп жатыр” деген.

Сәрсенбі күні қауіпсіздік қызметінің қаруланған қызметкерлері Нафтогаз ұлттық энергетика компаниясының кеңселерінде рейд жүргізген болатын. Бұл тексерулер миллиардтаған текше метр газды ұрлау оқиғасына байланысты тергеу ісіне қатысты құжаттарды тәркілеуге бағытталған деп хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG