Accessibility links

Иран Палестина істеріне араласуда деп айыпталды


Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Иранды Палестина халқының істеріне араласуын тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Клинтон мен Аббас сәрсенбі күні Батыс жағалаудағы кездесулерінен кейін мәлімдеді.

Оның алдында Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей барлық мұсылмандарды Палестинаның Израилге қарсы тұруына қосылуға шақырған болатын. Батыс жағалау билігіндегі Махмуд Аббас Иранның араласуы палестиналықтардың қарама-қайшылықтарын одан сайын күшейтеді деп атап көрсетті. Иран Аббастың қарсыласы Хамас тобын қолдайды. Хамас Газа секторын бақылайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG