Accessibility links

Женевада Ресей мен АҚШ Сыртқы істер министрліктері кездеседі


Женевада өтетін Ресей мен АҚШ Сыртқы істер министрліктері басшыларының кездесуінде Ауғанстан, Иранның ядролық бағдарламасы сияқты мәселелер сөз болады.

Женевада өтетін Сергей Лавровпен кездесу қарсаңында Хиллари Клинтон Ресеймен арадағы даудан бас тартпайтынын, бірақ белгілі мәселелер бойынша ынтымақтасу тәсілін табу керектігін мәлімдеді.

Брюссельде НАТО Сыртқы істер министрлері Ресей-Грузия қақтығысынан кейін тоқтап қалған Солтүстікатлантикалық одақтың Мәскеумен ресми байланыстарын жаңғыртуды сөз етті.
XS
SM
MD
LG