Accessibility links

Мұхтар Әблязовқа қатысты заң орындары түсінік бермей отыр


«БТА банктің» директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтың туысы Талғат Дүйсенбеков басқаратын бағалау компаниясының бірнеше қызметкері тұтындалып, заң орындары Дүйсенбековтың өзін бірнеше рет жауапқа шақырған, деп хабарлайды zonakz.net интернет басылымы. Сайттың жазуынша, бағалау компаниясы БТА банкпен байланыста болған.

Мұхтар Әблязов пен «БТА банктің» басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетовке қарсы қылмыстық іс ашылғаны туралы бейсенбінің кешінде ҚазТАГ агенттігі таратқан ақпаратқа байланысты Қазақстанның қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура Азаттықтың сауалына әзірге еш түсінік бермеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG