Accessibility links

АҚШ Ресеймен байланысын жаңғыртпақшы


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Женевада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бүгін кездеседі. Мұның өзі-президент Барак Обама қызметіне кіріскелі бергі қос ел арасында болып отырған, алғашқы жоғарғы дәрежедегі кездесу. Ауғанстандағы тұрақтылық, Ресейдің Иранмен әріптестігі және қару-жараққа бақылау мәселелері күн тәртібінде болмақшы.

Наурыздың 5-і күні НАТО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресеймен ресми байланыстарды қайта жаңғыртуға келіскен болатын. Ол кездесуге Клинтон да қатысты. Аталған байланыстар тамыздағы Ресей-Грузия соғысынан кейін тоқтап қалған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG