Accessibility links

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Судан үкіметін елден көмек ұйымдарын шығару туралы шешімін қайта қарауға шақырды


Судан үкіметі бұл шешімді Халықаралық қылмыстық істер бойынша соттың Судан президенті Омар ал-Баширді тұтқындауға бұйрық шығарғанына қарсылық ретінде қабылдаған болатын. Президент Дарфурда соғыс қылмыстарын ұйымдастырды деп айыпталуда. Пан мырза арнайы мәлімдемесінде 13-тей ірі көмек ұйымдарын елден шығару Дарфурдағы қайырымдылық істеріне кері әсерін тигізеді деді. Оның айтуынша, Дарфурда 4 миллион 700 мың адам көмекке зәру.

Судан үкіметі ел президентін тұтқындау туралы бұйрығына орай аталған сотпен әріптестік орнатпайтынын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG