Accessibility links

Қырғыз парламенті лаңкестікке қарсы күрестен шықпақшы


Қырғыз парламенті бүгін лаңкестік әрекеттерге қарсы коалициямен арада жасалған келісімшарттың барлығын тоқтатты. Бұл жөніндегі заңдар жобасын ел үкіметі әзірлеген болатын.

Парламент өткен айда Манас әуе жайындағы АҚШ әуе базасын жабу туралы келісімшартты да осылайша тоқтатқан еді. Коалиция әскері Қырғыз жерінен биылғы тамыздың 20-на дейін шығуы тиіс. Қырғызстан сыртқы істер министрі Кадырбек Сарыбаевтың айтуынша, Манасқа байланысты Вашингтонмен қазір келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ.

Қырғыз парламенті АҚШ одақтастарын Манас әуе жайынан шығару туралы бірауыздан шешім қабылдады. Бұл жол Ауғанстандағы коалиция күштеріне қажетті жүктерді жеткізу үшін пайдаланылып келген болатын. Депутаттар Еуропа елдері мен Аустралия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия елдерінің Манас базасын пайдалануына рұқсат беретін келісімшарттардың барлығын тоқтату туралы бірауыздан шешім қабылдаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG