Accessibility links

Иран елі АҚШ журналисін босатады


Иран-Америкалық журналист Роксана Сабери бір ай Евин түрмесінде тұтқында болған еді. Иран ресмилері ол журналист Иранда жұмыс істеуге берілген баспасөздік рұқсат құжатының мерзімі бұдан 2 жыл бұрын аяқталғанына қарамастан, елде заңсыз жұмыс істеді деп айыптаған болатын. Теһранның қауіпсіздік істері бойынша прокурорының орынбасары Хассан Хаддадтың айтуынша, Сабериге байланысты тексеру істері аяқталғандықтан, ол санаулы күндерден кейін бостандыққа шығады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бейсенбі күні Иран ресмилерін Сабериді босатуға шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG