Accessibility links

Қазақстан дағдарыспен күрестің жаңа бағдарламасын жариялады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаржылық дағдарыспен күреске 4 миллиард долларлық жаңа бағдарламаны енгізуге ел үкіметіне бұйрық берді. Президент бұл жөнінде парламентте сөйлеген сөзінде айтты. Бағдарлама мұнай бағасының жоғары кезінде құрылған қор есебінен жасалмақшы.

Қазақстан өткен жылдарда мұнай бағасының қымбаттауынан 10 пайыздай пайда көрген болатын.

Өткен қараша айында ел үкіметі 10 миллиард долларлық көмек бағдарламасын жүзеге асырған еді.
XS
SM
MD
LG