Accessibility links

Түркменстанда әйелдер қолөнерінің фестивалі өтуде


Бұл шара 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі құрметіне ұйымдастырылған. Жетпістен аса әйел қолөнер шеберлерінің туындылары Ашхабадтың түрлі музейлеріне қойылған. Бояулы суреттер мен кілем оюлары, мүсіндер мен зергерлік бұйымдары, сондай-ақ керамика мен металл бұйымдары көрмелердің сәнін келтіруде.

Түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 8 наурызды елдегі Халықаралық әйелдер мерекесі ретінде қайта жаңғыртуға өткен жылы бұйрық берген болатын.

Бұрынғы президент Сапармұрат Ниязов ол мерекені 21 наурызға жылжытқан еді.
XS
SM
MD
LG