Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесі Суданға қатысты шешім қабылдамады


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Судан үкіметінің Дарфур аймағынан халықаралық көмек жұмысшыларын шығаруына орай қандай жауап беру керектігіне байланысты бір келісімге келе алмады. Дипломаттардың айтуынша, Суданның одақтасы Қытай ұсынылған мәлімдемені қабылдаудан бас тартқан. Әлгі мәлімдемеде Судан үкіметі халықаралық көмек ұйымдарына байланысты шешімін өзгертуі тиіс делінген болатын.

Қылмыстық істер бойынша Халықаралық соттың Судан президенті Омар әл-Баширді тұтқындау жөніндегі бұйрығынан кейін ресми Хартум 13 ірі көмек ұйымын елден шығарған-ды. Әл-Башир Дарфур аймағында адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG