Accessibility links

АҚШ Хезболламен байланыс құруға әзір емес


АҚШ ливандық Хезболла тобының саяси қанатымен арада байланыс құруға дайын емес. АҚШ-тың одақтасы Британия Хезболламен төмен деңгейдегі байланыс ашуға ниет білдірген болатын. Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Гордон Дугуидтің мәлімдеуінше, Британия бұл мәселе туралы алдымен президент Барак Обаманың әкімшілігімен ақылдасқан. Бірақ Вашингтонның саясатына сәйкес АҚШ ресмилері Хезболламен байланыс құрмайды, деп атап көрсетті Дугуид.

Хезболланы ресми Вашингтон лаңкесттік топ деп сипаттайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG