Accessibility links

Пәкістан 12 Талибан жауынгерін босатты


Пәкістан ресмилерінің айтуынша, Талибанды қолдайтын 12 жауынгер азат етілген. Бұл қадам өткен айда Пәкістанның солтүстік-батысындағы Суат жазығында исламшылармен жасалған келісімді күшейту үшін жүзеге асырылып отыр. Суат комиссары Саид Мохаммад Жавед Рейтерс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Пәкістан билігінің бұл әрекетін мадақтады.

Батыс елдері әлгі келісім аймақты исламшыл бүлікшілер үшін қауіпсіз панаға айналдыруы мүмкін деп қауіптенеді. Пәкістан ресмилері болса бұл жергілікті проблеманы шешу үшін жасалған жергілікті келісім болды деп ақталуда. Президент Асиф Али Зардаридің мәлімдеуінше, Суат жазығының билік орындары жауынгерлерді бақылай алмаса, қауіпсіздік күштері жұмылдырылатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG