Accessibility links

Угандадағы ұшақ апатынан 10 адам қаза болды


Уганда астанасы Кампала қаласындағы Энтеббе әуе жайынан Сомалиге аттанған ұшақ Виктория көлінде апатқа ұшырады. Ресмилердің айтуынша, ұшақ апатынан 10 адам қаза тапқан. Бурунди армиясының баспасөз хатшысының айтуынша, қаза тапқандардың үшеуі Сомалидегі Африка Одағының бітімгершілік күштерінің бурундилік офицерлері болған.

Сомали астанасы Могадишуда исламшыл бүлікшілік әрекеттерімен күресу мақсатында Уганда мен Бурундидің 3,400-ге жуық күштері орналастырылған.
XS
SM
MD
LG