Accessibility links

Пәкістан президенті Теһранға бармақ


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари сейсенбі күні Иранға барады. Екікүндік сапары барысында ол Иран ресмилерімен кездесіп, екі ел қарым-қатынастары мен Ауғанстан мәселесін талқылайды.

Пәкістан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Баситтің мәлімдеуінше, Зардари Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатыспақ. Бұл топты 1985 жылы Иран мен Пәкістан және Түркия елдері құрған болатын. Сонымен қатар Зардари мен Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың кездесуінің күн тәртібінде 7.5 миллиард долларлық газ құбыры мәселесі тұр. 2,600 шақырымдық бұл құбыр арқылы Ираннан Пәкістан мен Үндістанға газ тасымалданбақ.

Басқосу қарсаңында Пәкістан Иранды АҚШ пен әлемнің басқа да алпауыт елдеріне Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесуге шақырды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG