Accessibility links

Парламенттің шешімімен биылдан бастап Наурыз мерекесінде қазақстандықтар үш күн демалады


ҚР Парламент сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Наурыз мерекесінде демалыс күндерін 21 наурыздан 23 наурызға дейін көбейту туралы бұл заң қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді.

Бұл заң бойынша Конституция күні (30 тамыз) ұлттық мереке болып жарияланды, ал Республика күні (25 қазан) мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды. Аталған өзгертулерді мәжіліс депутаттары енгізген.

Сонымен биылғы Наурыз мерекесінде 21, 22 наурыз күндерінің демалысқа сәйкес келуіне байланысты қазақстандықтар 21 наурыздан 24 наурызды қоса алғанда 4 күн демалатын болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG