Accessibility links

ПАСЕ Ресейдегі демократия жайын талқыламақ


ЕуроОдақ Парламент ассамблеясының (ПАСЕ) делегациясы жұмыс сапарымен Мәскеуде жүр. ПАСЕ мониторинг жөніндегі комиссиясының баяндамашылары Люк Ван ден Бранде мен Теодорас Пангалос Ресейдің ЕуроОдақ алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысымен таныспақ.

Бүгін және ертең ПАСЕ өкілдері министрліктер мен бірқатар ведомстволардың қатысуымен Мемлекеттік Думада кездесулер өткізеді. Қозғалатын тақырыптардың негізгісі — демократиялық институттар жұмысы, саяси партиялардың рөлі, сөз бостандығы, сайлау құқығы мен Конституцияға түзетулер енгізу.

1996 жылы ЕуроОдаққа мүше болып кірген Ресей өз заңнамаларын еуропалық нормаға сай жүргізетіні туралы міндеттеме алған. Осы тұрғыдан алғанда, ПАСЕ Ресейге наразы. Атап айтқанда, өлім жазасын алып тастау туралы келісімді ратификациялауға қатысты бірқатар шағымы бар.

Бұған қоса ЕуроОдақ Ресейдің өткен жылғы тамыз айындағы Грузиядағы қатығысқа қартысты әрекетін сынға алып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG