Accessibility links

Уағызшыға қатысты үкім өзгертілді


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін Алматы қалалық сотында «діни тақырыпта дәріс оқығаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған «Бірлік шіркеуінің» уағызшысы, Ресей азаматшасы Елизавета Дреничеваға қатысты іс бойынша апелляциялық сот отырысы болды.

Судья Құрабаева жетекшілік еткен сот алқасы Е.Дреничеваға 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 250 доллар көлемінде айыппұл салып, дереу қамаудан босатуға, сондай-ақ тергеу изоляторында 2 ай жатқандықтан жоғарыдағы айыппұлды өтелді деп санауға шешім шығарды.

Алайда, Е.Дреничеваның адвокаты Берікхан Ыдырысов қорғалушысы жазықсыз жапа шеккендіктен оны толық ақтау үшін қадағалау тәртібі бойынша шағымданбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG