Accessibility links

Бас прокуратура Мұхтар Әблязовқа қарсы қылмыстық іс қозғады


«БТА Банкінің» қазіргі басшылығының қайрылуымен Бас прокуратура банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Бас прокуратура баспасөз қызметінің жетекшісі Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша, қылмыстық істің қозғалуына банк басшылығында Мұхтар Әблязов болған кезеңде күдіктілердің банк қаржысын жалған фирмаларға несие беру жолымен жымқырып кеткендігі туралы деректер негіз болып отыр.

Бас прокуратура бұл әрекетті заңсыз деп есептеп, «бұл қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар сыбайлас болып табылады» деп отыр.

«Осыған байланысты кімдердің қатысы бар екені тергеу кезінде анықталады. Құқық қорғау органдары елдің ішіндегі ғана емес, сыртқа да өтіп кеткен банк активтерін қайтарып алуға ұлттық заңнама шеңберінде халықаралық құқықтың көмегіне және БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына сүйене отырып, барлық шараларды қолданады. Қазіргі уақытта тергеу органдары бұл заңсыз операцияға қатысушы заңды және жеке тұлғалардың меншігі мен активтерін тұтқынға алу туралы сұрау салуда. Сондай-ақ қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу Бас прокуратураның бақылауында болады және тергеуді арнаулы мекемеаралық жедел тергеу тобы жүргізеді», — деді Сәулебек Жәмкенұлы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG