Accessibility links

Ауған, Пәкістан президенттері Иранға барады


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари бүгін Иранға барады. Сапар мақсаты-наурыздың 11-не белгіленген Экономикалық әріптестік ұйымы саммитіне қатысу. Қос президент оның қарсаңында Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесетін болады. Иран, Пәкістан, Түркия елдері 1985 жылы осы ұйымды құрған болатын.

Зардари сонымен бірге кездесу кезінде Иран газын Пәкістан мен Үндістанға жеткізетін 2600 шақырымдық газ құбыры мәселесін де ақылдасатын болады.

Бұл қос ел осы саммит қарсаңында Иран елін Ауғанстанды қайта қалпына келтіруге атсалысуға шақырған болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG