Accessibility links

Германия Қорғаныс министрі Ауғанстанда


Германия Қорғаныс министрі Франз Йозеф Юнг бүгін Ауғанстанның солтүстігіне барды. Ол онда жалпы қауіпсіздік жағдайын анықтап, Ауған полициясын жаттығудан өткізу бағдарламасына қатыспақшы. Сондай-ақ Құндыз аймағындағы қайта қалпына келтіру істерін көрмекші. Германияның 3800-дей әскері қазір Ауғанстанда тұр.

АҚШ пен Британия Ауғанстандағы әскер санын көбейтуге Германияны шақырып отыр.

Юнг дүйсенбіде Өзбекстанның Термез қаласындағы Германия күштерінің әуе базасында болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG