Accessibility links

Германия: Ауғанстан үкіметі Талибанға байланысты шешім шығара алады


“Тек Ауғанстан үкіметі ғана Талибанның байсалды бағыттағы тұлғаларымен келісімге келу я келмеу керектігі жөнінде шешім жасай алады”, деді Германия Қорғаныс министрі Франз Йозеф Юнг наурыздың 10-да, Ауғанстанның солтүстігіне барған сапарында. Министр Мазари-Шарифте сөйлеген сөзінде мұндай қадамдардың тек Талибан қозғалысы күш қолданудан бас тартқаннан кейін ғана жасалатындығын ескертті. Ол осы сапарда жалпы қауіпсіздік жағдайын анықтап, Ауған полициясын жаттығудан өткізу бағдарламасына қатыспақшы. Сондай-ақ Құндыз аймағындағы қайта қалпына келтіру істерін көрмекші.

Германияның 3800-дей әскері қазір Ауғанстанда тұр. АҚШ пен Британия Ауғанстандағы әскер санын көбейтуге Германияны шақырып отыр.

Юнг дүйсенбіде Өзбекстанның Термез қаласындағы Германия күштерінің әуе базасында болды.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG