Accessibility links

Қазақстанның үкімет басшысы Теһрандағы саммитке қатысады


Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Теһранда өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 10-саммитіне қатысады, — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.

Аталмыш жиында ғаламдық дағдарыс салдарларының тигізер әсері, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-техникалық салаларда көмек көрсету арқылы мүше-мемлекеттердің әлемдік шаруашылық қатынастар жүйесіне енуіне қатысты ЭЫҰ жұмысының ағымдағы мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар саммит қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев қатысатын ЭЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 18 -отырысы жоспарлануда.

Қазақстан 1992 жылы ЭЫҰ-на ресми түрде мүше болып тіркелген болатын. Қазір бұл ұйымға Түркия, Пәкістан, Иран, Қазақстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан сияқты 10 мемлекет мүше.
XS
SM
MD
LG