Accessibility links

ҚР Сыртқы істер министрі Ресейге барады


13 наурызда ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен бармақ.

Екі күнге созылатын сапар барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі серіктестік мәселелері, сонымен қатар 2008 жылы 19 желтоқсанда Бурабайда екі елдің президенттері бекіткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру барысы талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG