Accessibility links

Мұнай бағасы төмендеді


«РосБизнесКонсалтинг» агенттігінің мәліметінше, жетекші мұнай биржаларында 2009 жылдың 10 наурызындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы біршама төмендеген.

«Алдағы айға мұнай фьючерсінің ресми бағасы мынадай болды: Лондондағы InterContinental Exchange Futures биржасында - IPE Brent Crude мұнайының бір баррелі үшін баға 43,96 доллар (-0,17); Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil мұнайының баррелі 45,71 доллар (-1,36) болды», — делінген агенттік таратқан хабарламада.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG