Accessibility links

Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференция 31 наурызда басталады


Нидерланды үкіметінің ақпаратынша, БҰҰ-ның Гаагадағы Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференциясы 31 наурызда басталады.

Хабарламада конференцияға БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның төраға болу ықтималдығы айтылады. Бұл ұсынысты еуропалық турне барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон білдірген болатын.

Конференцияға НАТО мен Пәкістанның өкілдері қатысады, сондай-ақ Ауғанстанның коалициялық күштерінде әскері бар елдердің өкілдері де шақырылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG