Accessibility links

Астанада экономикалық форум басталды


Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаһандық қатер жүйесіндегі Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» атты II экономикалық форум басталды.

Форум жұмысына әлемнің 40-тан аса елінің өкілдері қатысуда. Олардың қатарында экономика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Эдмунд Фэлпс пен Роберт Манделл, Ислам даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли, Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Жан Лемьер, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары — БҰҰ- ның Еуропа экономикалық комиссиясының (ЕЭК) атқарушы хатшысы Ян Кубиш және Ресей президентінің көмекшісі Аркадий Дворковичтар бар.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша G-20-ға қатысушы мемлекет басшылары үшін ұсыныстар қабылданады деп жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG