Accessibility links

Назарбаев ЕурАзЭҚ аясында ортақ валюта қабылдауды ұсынды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында аударымды есеп айырысу үшін ортақ валюта қабылдап, оны «евраз» немесе «евразия» деп атауды ұсынды.

«Оның бағамы әлемдік валюталарға тәуелді болмауы тиіс», – деп мәлімдеді ол, сәрсенбі күні Астанада басталған ІІ экономикалық форумда.

Бұған дейін президент Назарбаев ЕурАзЭҚ аясында ортақ валюта енгізіп, оны алтын деп атауды ұсынған болатын.

Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдері мүше.
XS
SM
MD
LG