Accessibility links

Н.Назарбаев: Әлемдік валюта туралы заң қабылдаған жөн


Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік валюта туралы мәселені халықаралық қауымдастық талқылап, арнайы заңмен бекіткені жөн деп санайды.

«Жаңа валюта әлемде жаңа үйлесімді жүйені дамыту үшін негіз болуы тиіс деген сенімдемін. Ол үшін, ең әуелі, көпшілік елдердің парламенттері әлемдік валюта туралы заңды қабылдап, оны БҰҰ мақұлдауы керек», – деп мәлімдеді Н.Назарбаев сәрсенбі күні Астанада өткен ІІ экономикалық форум кезінде.

Оның айтуынша, әлемдік валютаға аймақтық және құрлықтық есеп айырысу бірліктерін енгізу арқылы өтуге болады.

Н.Назарбаев, сондай-ақ, G-8 және G-20 елдеріне алда болатын жиындарының күн тәртібіне әлемдік ортақ валюта туралы мәселені енгізіп, талқылауды ұсынды.
XS
SM
MD
LG