Accessibility links

Алматы облысының полиция бастығы қызметінен кетті


Алматы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы генерал-майор Бағдат Майкеев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігі.

Генералдың жұмыстан кетуіне қарамағындағы мекемеден айғақ зат ретінде сақталған атыс қаруының сатылғаны себеп болғаны айтылып отыр.

Былтыр желтоқсан айының басында Алматы қаласында жұмыс орнында атып өлтірілген Түрксіб аудандық полиция басқармасының аға лейтенантының ажалына себепкер ТТ тапаншасы оған дейін Алматы облыстық полиция басқармасының қоймасында қылмыстық айғақ ретінде сақталғаны тергеу барысында анықталған. Сондай-ақ, ол тапаншамен бірге қоймадан тағы бір ТТ тапаншасы мен Калашников автоматы сатылғаны кейін мәлім болған.

Заңсыз қару саудасына қатысы бар деген күдікпен Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері қамауға алынған. Ал қастандық құрбаны болған аға лейтенантты кім өлтіргені әлі ашылған жоқ.
XS
SM
MD
LG