Accessibility links

Теһранда экономикалық ынтымақтастық саммиті ашылды


Бүгін Иран астанасында ғаламдық дағдарысқа арналған экономикалық ынтымақтастық ұйымының аймақтық оныншы саммиті ашылды.
Саммиттің ашылуында сөйлеген Иран президенті Құрама Штаттар мен басқа да алпауыт елдерді бүкіл әлемде қаржы-экономикалық дағдарыс тудырды деп айыптады.
Бұл топ 1985 жылы Түркия, Пәкістан және Иранның бастамасымен құрылған болатын.
Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдері бұл ұйымға кейінірек қосылды.
Аталмыш саммиттің қарсаңында Ирақ президенті Жалал Талабани ирандық әріптесі Махмуд Ахмадинежадпен кездесіп, өзара байланыстарды дамыту жағдайларын талқылаған. Ирақ пен Сирия президенттері бұл жиынға қонақ ретінде қатысуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG