Accessibility links

Мысырда суға батқан кеменің иесі 7 жылға сотталды


Бүгін Мысырдың апелляциялық соты үш жыл бұрын Қызыл теңізге батып кеткен кеменің иесін қасақана жасамаған деп жеті жылға түрмеге кесті.
2006 жылдың 3-ші ақпанында әл Салам-98 атты жолаушылар тасымалдайтын кеме суға кетіп, мыңнан аса адамның өмірін әкеткен.
Осыған дейін ол кеменің қожайыны Мамдух Исмаилдың ақталып шығуы қоғамда наразылықтар тудырып, байлығы көп кәсіпкер саяси байланыстарымен қорғалып отыр деген сындар айтылған.
Хабарларға қарағанда, Исмаил Еуропада жүргендіктен сот үкімі оның қатысуынсыз шығарылды.
XS
SM
MD
LG