Accessibility links

Парижде елдің НАТО-ға қайта қосылуы талқылануда


Францияның жетекші ресмилері еуропалық және АҚШ өкілдерімен президент Николя Саркозидің ұсынысы бойынша жоғары дәрежелі конференция өткізуде. Франция президенті Саркози 43 жылдан кейін елдің қайтадан НАТО-ның әскери қолбасшылығына қосылуын ұсынған болатын. Франциялық басылымдар Саркози бұл конференцияда жабық есік жағдайында сөйлеген соң өзінің шешімі туралы жариялайтын болады деп жазуда.
Францияның бұрынғы президенті Шарль де Голль 1966 жылы елге әскери тәуелсіздік береді деген ұсыныспен Францияны НАТО қолбасшылығынан шығарып алған.
Ал Саркозидің ұсынысын сынаушылар оның өз партиясынан да табылып отыр. Ол ұсынысты әлі алдағы аптада ел парламенті дауысқа салады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG