Accessibility links

Мәскеу полициясы белсенді жастарды қамауға алды


Бүгін Мәскеудің мемлекеттік университеті жанында полиция жастар қозғалысының екі белсендісін қамауға алды. Оборона жастар қозғалысының үйлестірушісі Олег Козловский мен оның көмекшісі Илья Мищенко мегафонмен университет студенттерін бейсенбі күні өтетін шеруге қатысуға шақырып жатқанда ұсталды.
Ресей оппозициясының жетекшісі Эдуард Лимоновтың айтуынша, наурыздың басынан бері оның 10 қолдаушысы қамауға алынды. Лимонов бұл қамаулар оппозициялық коалиция Другая Россияның елдегі қалаларда жаппай шеру өткізу жоспарымен байланысты болып жатыр дейді.
XS
SM
MD
LG