Accessibility links

ЕуроОдақ өкілі Минскіге сапарын кейінге қалдырды


Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі басшысы осы аптаға жоспарланған Белорусь еліне сапарын кейінге қалдырды. Бенита Ферреро-Уолднер Минскіге жұма күні баратынын айтқан еді. Оның өкілінің айтуынша, Бенита Ферреро-Уолднердің Белоруссияға сапары саяси емес себептерге байланысты сәуір айына дейін қалдырылды.
Еуропа Одағының сыртқы байланыстар жөніндегі комиссары осыған дейін Белорусь елі одақпен жақын байланыс құрмас бұрын, көбірек саяси реформалар жасау керек деген.
XS
SM
MD
LG