Accessibility links

"Литер" және "Айқын" қызметкерлеріне еңбекақы жалған ақшамен берілген


Өткен жұма күні "Литер" газеті редакциясының кейбір қызметкерлеріне еңбекақы жалған ақшамен берілгенін журналистер демалыс күндері базарға сауда жасауға барғанда кездейсоқ білген, деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

Әзірге "Литердің" екі журналисі мен "Айқынның" бір тілшісі өздеріне берілген ақшаның жалған екенін білген, деп жазады "Республика" сайты. Осы екі газетті біріктіретін медиа-холдинг жетекшісі Арманжан Байтасов бұл жағдайдың мән-жайын құқық органдарымен бірге анықтағаннан кейін ғана қандай да мәлімдеме жасауға болатынын айтқан.

Аталған газеттер «Нұр-Медиа» холдингінің құрамына енгелі бері журналистер алғашқы еңбекақыны бұрынғыдай банк карточкасы арқылы емес, редакцияның бухгалтериясынан қолма қол ақшамен алған.
XS
SM
MD
LG